ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАС МЕШІТТЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ

03 сәуір 2024 1357 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте жамағатпен бірге мүфтият қызметкерлері толық оқыған Құран хатымның дұғасын жасады.

«Уа, Жаратушымыз Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай көр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла! Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр» деп дұға етті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти тарауық намазына жиналған жамағатқа шүкір етудің мәні мен маңызы жайлы уағыз айтып, мешітке жиналған қауымды ел басына күн туғанда дұға етіп, қолдан келгенше көмектесіп, бірге болуға үндеді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру