ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

30 наурыз 2024 1283 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Орталық мешітте жамағатқа уағыз айтты.

Рамазан айының қасиеті мен қадірі жайлы насихат айтқан Бас мүфти: «Ізгілерден қалған мынадай сөз бар: «Кемелдікке жету үшін адам баласына төрт-ақ нәрсе керек: аз ішіп-жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу һәм көпшіліктен арагідік бөлініп, оңашалану». Пенде осы аталған төрт қасиетке ораза ұстау арқылы кемелдікке жетеді. Шын мәнінде күні бойы аш құрсақ жүрген адам бір ай бойы аз тамақ жеуге дағдыланады. Күнін оразамен өткізген мұсылман түнін құлшылыққа арнайды. Түнгі намаздарға көңіл бөліп, жамағатпен тарауық намазына қатысады. Одан бөлек таң намазы алдында түнгі тәһажуд намазын өтейді. Аузы берік адам артық сөйлеп қоюдан сақтанады, осылайша аз сөйлеуге дағдыланады. Ал Рамазан айының соңғы он күнін оңаша өткізуге ниет танытқан пенде иғтикафқа кіріп, өзін дүние істерінен босатып, уақыты мен күш-жігерін құлшылық жасауға арнайды», – деді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру