«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ТҰҒЫРНАМАСЫН НАСИХАТТАУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

03 желтоқсан 2023 1752 0
Оқу режимі

Алматы Орталық мешітінде қала имамдарына «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттау мақсатындағы аймақтық танымдық семинар өтті.

Жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде «Имам – ізгі қоғам жаршысы» V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар тізімінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжаты болған еді.

Алматы Орталық мешітінде өткен семинарға ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Ағыбайұлы, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы және Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов Астанадан арнайы келіп қатысты.

«Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын ыждаһаттылықпен ел арасында, жамағат ішінде насихаттау аса маңызды іс. Сонымен қатар қажылық парызын өтеуге ниеттілердің конкурстық негізде өткен 17 тур фирмаларының бірімен баруға кеңес беріп, насихат жұмыстарын жүргізу ұлы сапарға аттанушылар үшін тиімді болмақ», - деп атап өтті наиб мүфти Ершат Оңғар.

Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы 17 туристік фирмаға бөлініп берілетін ҚМДБ имамдарының уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіріп, қажылық сапарында жат ағымды насихаттауға жол бермеу керектігін атап өтті.

Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов бес парыздың бірі қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымызды қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болуға шақыру керектігін атап өтті.

«Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттау мақсатындағы аймақтық танымдық семинарына Алматы өкілдігінің 100-ге жуық имамдары қатысты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру