ҚАЛА БАС ИМАМЫ «ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

25 тамыз 2026 122 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы «Әс-Сәлам» мешітінде өткен Мәуліт отырысына қатысты.

Дастархан басындағы рухани жүздесуге «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы, мешіт ақсақалдары мен жамағат қатысты.

Отырыста Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды әңгімелер айтылып, Мәуліт жыры оқылды. Жамағатпен бірге салауаттар айтылып, Алла елшісіне деген сүйіспеншілік пен құрмет дәріптелді.

Сондай-ақ рухани жиында қала бас имамы Нұрбек Әуесханұлы имандылық, бірлік, бауырмалдық пен көркем мінездің маңызы туралы айтып, мұсылман баласының Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен үлгі алуы жөнінде ойларын ортаға салды.

«Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы қала бас имамына арнайы уақыт бөліп, жамағатпен бірге Мәуліт отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Отырыс соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалып, жамағат ізгі тілектерін білдірді.

Мәуліт отырысынан бөлек, Нұрбек қажы Әуесханұлы мешіт жамағатымен бірге бесін намазын өткізіп, көркем насихат айтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру