Павлодар облысының әкімі ҚМДБ жұмысымен танысты (ФОТО)
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мүфтияттың Астанадағы жаңадан салынған бас кеңсесін аралады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әкімге діни салада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.
Кездесуде Болат Жұмабекұлы мен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Павлодар облысындағы діни ахуал туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыру жайы сөз болды. Бас мүфти әкімге мешіттерде жүзеге асып жатқан игі іс-шаралар жайлы баяндады.
Болат Бақауов қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту жұмыстарына имам-молдалардың қосар үлесі мол екенін атап өтті. Сонымен қатар, Павлодар облысына қарасты мешіттер мен медреселердің қызметі жайлы оң пікірін білдірді.
Жаңа ғимаратқа құтты болсын айтқан Б.Жұмабекұлы мүфтият жұмысына сәттілік тіледі.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі