ПӘТУА МАМАНДАРЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

03 сәуір 2023 2162 0
Оқу режимі

Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының төрағалығымен еліміздегі пәтуаға жауапты мамандардың онлайн жиналысы өтті.

Жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жуырда ғана жарық көрген «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабындағы кейбір түйткілді мәселелер талқыланды. Сондай-ақ наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы пәтуа мамандарын жамағаттан келетін түрлі сауалдарға жауап беруде аса жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бұдан бөлек әр өңірдегі жауапты мамандардың есебі тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру