Онкология бөлімшесіндегі 134 сәбидің ата-анасына сыйлық жасалды (ФОТО+ВИДЕО)
19 мамыр 2022
3147
0
Оқу режимі
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен кеше «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығындағы Онкология бөлімшесінде ем қабылдап жатқан 134 науқас сәбидің ата-аналарына сыйлық жасалды.
Сауапты шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы, ұстаз Эльмира Бұхарбаева мен Зарина Жүкеновалар қатысып, ата-аналарға сыйлықтар табыс етті. Қасиетті Құран аяттары оқылып, сәбилердің тезірек сауығуын сұрап жамағатпен бірге дұға жасалды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру