Наиб мүфти Түркістанда өткен халықаралық симпозиумға қатысты (ФОТО)
17 сәуір 2019
6365
0
Оқу режимі
Кеше елімізде «Түркістан аймағының өткені мен бүгіні: тарих, мәдениет және өркениет» атты халықаралық симпозиум басталды. Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-де өтіп жатқан ғылыми жиынға ҚМДБ наиб мүфтиі Алау Әділбаев қатысты.
Симпозиумның мақсаты: Түркістан аймағында өмір мұсылман ғалымдарының ислам ғылымы, өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін анықтау, діни, ғылыми және философиялық құндылықтарын айқындау. Бүгін ортаға салынған зерттеулер келешекте ғылыми айналымға шығарылады.
Халықаралық симпозиумға алыс-жақын шет елдерден дінтанушы, теолог және исламтанушы мамандар қатысуда. Ғалым Алау Әділбаев бұл бағытта ізденген еңбектерімен бөлісті.
Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру