Мешіт шәкірттеріне «Бақытты жанұя құрудың жолдары» айтылды (ФОТО)

01 қазан 2018 9216 0
Оқу режимі

Қалыптасқан үрдіс бойынша кешегі жексенбі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері үшін тағылымға толы өтті. Әр жексенбі ақшам намазынан соң басталатын бұл басқосу сайын олар бір-бірімен етене танысып, ұстаз уағызын бірге тыңдап, жамағат болып жараса бастайды. Уағыз соңынан ұзыннан-ұзын созылған дастархан басындағы ғибратты отырыс та одан әрі жақындатып, шәкірттер білімімен қоса бірлігін де бекемдей түседі.

Бұл жолғы уағыз аясында шәкірттерге «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев «Бақытты жанұя құрудың жолдары» тақырыбында уағыз жүргізіп, ақыл-кеңесімен бөлісті. Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сүйене отырып, жанұядағы жарасымдылықты арттырып, жұбайлық өмірдің жақсылығына жетелейтін жолдар айтылды. Басқосу соңы әдеттегідей шәкірттердің сауалына кезек беріліп, әркім өзіне қажетті ақпаратты анықтап алды.  Уағыздың видео нұсқасы алдағы уақытта сайтымызда жарияланатын болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру