МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАРЫНА ЖАЛАҚЫ, СТУДЕНТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛУДЕ (ФОТО)

21 ақпан 2023 1874 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында 2023 жылы ҚМДБ Орталық Аппаратынан 100 адамға жалақы төленетіні жөнінде мәлімдеген еді. Діни басқарма Төрағасының шешімімен медресе-колледж ұстаздарына қосымша жалақы, ал үздік студенттерге шәкіртақы берілуде.

Бұл туралы Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков хабарлады.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндамасында 2022 жылы ҚМДБ Орталық Аппаратынан еліміздегі 200 дін қызметкеріне жалақы төленгенін, бұл көрсеткіштің биыл тағы 100 адамға көбейетінін, сондай-ақ жалақы алатын қызметкерлер арасында медресе ұстаздары да болатынын атап өткен болатын. Осы орайда діни қызмет пен болашақ мамандардың білім сапасын арттыру мақсатында бірыңғай медресе-колледж ұстаздарына қосымша жалақы төлеу жөнінде Бас мүфтиге ұсыныс жасадық. ҚМДБ Төрағасы ұсынысымызды қабыл алып, еліміздегі 9 медресе-колледждің 132 арнайы діни пән ұстазына қосымша жалақы, ал 200 үздік студентке алғаш рет шәкіртақы тағайындалды. Медресе ұстаздарына қаңтар айынан бастап, жыл бойы қосымша жалақы берілсе, 200 үздік студентке оқу жылы барысында, яғни 9 ай шәкіртақы беріледі» деді бөлім меңгерушісі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру