МАРОККО КОРОЛЬДІГІНІҢ ӨКІЛІ – ДІНИ БАСҚАРМАДА (ФОТО)
Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтыр жөніндегі министрліктің Азия және Океания істері жөніндегі департаментінің директоры Абделқадер әл-Ансари Қазақстанға ресми жұмыс сапары аясында Діни басқармаға арнайы келді.
Мәртебелі мейман ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғармен кездесіп, сұхбаттасты. Кездесуде екі елдің достық қарым-қатынасы сөз болды. Наиб мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы жайлы баяндап берді.
Өз кезегінде Абделқадер әл-Ансари Діни басқарманың діни саладағы орны мен рөлі жайлы ойымен бөлісіп, игі бастамаларға тілеулестік ниетін білдірді. Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Сондай-ақ кездесуге Марокко Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммед Рашид Маанину мен ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы қатысты.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі