МӘЛІМДЕМЕ

19 тамыз 2024 1189 0
Оқу режимі

Кәмелетке толмаған қыздың некесіне қатысты ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің мәлімдемесі

Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді:

Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастар мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Неке қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды.

 

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі

Дереккөз: https://beket-ata.kz/kk/news/maelimdemeee/

Пікірлер Кіру