КӨКТАЛ МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТАҢҒЫ АС ӨТТІ (ФОТО)
01 маусым 2024
887
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдуллақызының ұйымдастыруымен мешіттің әйел шәкірттерімен таңғы ас ұйымдастырылды.
Таң берекесімен басқосқан әйел жамағатына Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Элмира Серікбайқызы «Бала тәрбиесі отбасынан басталады» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, бала тәрбиелеп отырған жас аналарға ақыл-кеңестерін айтты.
Жиналған қыз-келіншектер тағылымға толы таңғы ас дастарханында өздеріне мол рухани азық алып, ұстаздарға алғыстарын айтты.
Пікірлер
Кіру