«ХАЛАЛ ДАМУ» ӨЗБЕКСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗДІ

13 мамыр 2024 1199 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Өзбекстандағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. 

Бақылау-қадағалау шараларына бас сарапшы-технолог Жанар Мұратқызы, технолог Аружан Аралбай қатысты.

«QMDB Halal» сертификаты – отандық қана емес, шет елдік кәсіпорындар тарапынан да кең сұранысқа ие болуда. Соның ішінде көршілес, Өзбекстанда 10-нан астам кәсіпорын халал талаптарына сай сертификатталды. Іс-сапар барысында «Ardan Foods», «Krember», «Crafers» кондитерлік зауыттары, «Milk Euro Food» сүт фабрикасы тексерілді. Сонымен қатар, «Alfa mix» тағамдық қоспалар кәсіпорнына аудит жүргізіліп, «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Аудит аясында өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, кәсіпорындардың санитарлық тазалығы, қолданыстағы техникалық құрал-жабдықтардың сапасы, дайын өнімдердің өңделуі, сақталуы, тасымалдануы қадағаланды. Және де, аталған кәсіпорындарда «Халал стандарты талаптары мен технологиясы» тақырыбында оқу-семинар өткізіліп, қызметкерлерге шариғат талаптары түсіндірілді», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру