«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

27 ақпан 2024 1287 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы қайырымдылық бағыты аясында Астанадағы «Благодать NS» қарттар үйіне барып, қамкөңіл жандардың жай-күйінен хабар алды.

Айта кетсек, аталмыш қарттар үйі 3 жыл бұрын ғана құрылған. Қазіргі уақытта мұнда 50-ден астам қария бар. Қайырымдылық орталығы қарттарға, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін ауыр халдегілерге кешенді күтім жүргізеді.

«Инабат» клубының қыз-келіншектері қарттардың көңілін табу мақсатында термопот, филвордтар, кроссвордтар, бояйтын суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, аяққа арналған массажерлар, әрбіріне жеке дара тәтті сыйлықтар үлестірді. Одан бөлек мешіттің әйелдер жамағаты қайырымдылық үйінің кітап сөресін өздерінің алып барған әлемдік классикалық әдеби кітаптарымен толықтырып кетті. Қарияларға ақ дастархан жайылып, емін-еркін сұхбат жүргізілді.

 

Пікірлер Кіру