ЕЛОРДА ЖАМАҒАТЫМЕН ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

10 наурыз 2026 70 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жарапазан жыры айтылды. Іс-шараға мешіттің ақсақалдары мен жамағаты қатысып, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы насихат айтылды.

Жарапазан жыры орындалғаннан кейін мешіт ақсақалдары жиналған жамағатқа ақ батасын беріп, ел амандығы, жұрт тыныштығы мен бірлік-береке үшін дұға жасады.

Аталған шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тапсырмасы аясында, жыл сайынғы қалыптасқан үрдіске сәйкес ұйымдастырылды. Рамазан айында өткізілетін мұндай тағылымды шаралар жамағаттың рухани байланысын нығайтып, көпшілікке қасиетті айдың маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Пікірлер Кіру