Елорда мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды  (ФОТО)

28 қараша 2019 5085 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Елорда имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті. Алқалы жиында Бас шаһардағы 12 мешітте жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Сондай-ақ, «Астана» медресе колледжінің 2019 жылғы қорытынды есебі де тыңдалды.  

Жаңа нұсқа бойынша өткен жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша жалпы мәлімет беріліп, арнайы слайд арқылы нақтыланып отырды. Сонымен қатар, кейбір мәліметтер бойынша қосымша сұрақтар қойылып, мешіттегі түрлі мәселелердің шешу тетігі қарастырылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру