ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

30 қазан 2024 688 0
Оқу режимі

Астана қаласының имамдарына ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті жайлы семинар өтті.  

Жиында Батыржан Берденұлы дін қызметкерлеріне насихат жасаудың жолдарын, оның әдептері мен уағыз айтудың түрлері және басқа жағдаяттарын түсіндіріп өтті.

Уағыз айту – адамдарға дінді жеткізудің бір жолы. Уағызды көпшілікке жеткізу үшін имамның айтатын насихаты жан-жақты, тақырыптан ауытқымай әрі терең мазмұнды әрі шешендік өнермен түсінікті етіп айтылуы керек. Уағыз айту үлгісін жоғары дәрежеде орындау – мұсылман үмбетінің сауаттылығын арттыруға, жан-жақты тұлға, әрі отаншыл азамат болып қалыптасуына, дінаралық бірлік пен татулыққа ықпал ету арқылы мемлекет іргесінің бүтіндігіне қызмет етуге үлес қосады.

Айта кетейік, Астана қаласында өткен І республикалық уағызшылар форумында арнайы құжат қабылданған болатын. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Пікірлер Кіру