Елорда имамдарына әлеуметтік желіні тиімді қолдану бойынша семинар өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік желілер арқылы таралатын жат ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және халыққа дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын аясында әлеуметтік желіні тиімді қолдану әдістемесіне арналған шеберлік сабағын медиа маманы, Muslim.kz сайтының бас редакторы Еркін Шәкірұлы өткізді. Қатысушыларға әлеуметтік желінің қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оның даму кезеңдері мен бүгінгі қолданыс аясы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, жалған ақпараттың алдын алу үшін мәліметтің шынайылығын тексеру қажеттігіне назар аударылды. Әлеуметтік желіні діни-ағартушылық бағытта тиімді пайдалану, аудиториямен байланыс орнату және пайдалы контент ұсыну жолдары талқыланды. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны жауапкершілікпен қолдану қажеттігі айтылды.









Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі