ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ 637 ҚАРИ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚУДА (ФОТО)

19 наурыз 2024 1355 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздің 565 мешітінде 637 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде. Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Аппарат жиналысында Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет баяндады.

«Алла қаласа, қариларымыз Рамазанның 27-і күні, яғни Қадір түнінде Құран Кәрімді толықтай оқып бітіріп, халықпен бірге хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ Құран секторы құрылған бір ай ішінде Алматы облысында тұңғыш рет имамдар арасында аймақтық Құран байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Астанада ерлер мен әйелдер арасында онлайн Құран сайысы өтті» деді сектор меңгерушісі.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 2854 мешіт жұмыс істеп тұр. Соның 565-інде тарауық намазында Құран Хатым жасалуда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру