ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЖЫМ БОЛЫП БОЛЫП ДҰҒА ЖАСАДЫ

06 мамыр 2023 2282 0
Оқу режимі

Имам – Хақ дінді насихаттап, Аллаға бойұсынуға шақырып жүрген құлшылық ордаларының айнасы іспетті. Әрине, Ислам діні бір адамға тәуелді емес, алайда, көпшілік қоғам имамға қарап Исламды бағалап жатады. Сондықтан,  хақ жолға шақырушы дін қызметкерінің сөзі мен ісі сай болуы өзіне ғана емес, тұтас жамағаттың ой-көзқарасы мен сеніміне әсер етпек. Осыны ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Ихсан тілде емес – ділде, сөзде емес – іс-әрекетте» ниетімен әр жұма сайын дін қызметкерлерінің ұжым болып, таң намазын мешіттерде жамағатпен оқып, дұға етуге шақырған болатын. Бастаманы қолдаған Астана мешіттерінің дін қызметкерлері жұма күні ұжым болып таңнан кешке дейін қызмет етті.  Елдің тыныштығы, халықтың амандығы үшін дұға етіп, жамағатпен бірге болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру