БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ МЕН СИРИЯ ХАЛҚЫ ҮШІН АРНАЙЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

08 ақпан 2023 2592 0
Оқу режимі

Индонезияның Сурабая қаласында өткен «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» бірінші халықаралық конференциясында Түркия мен Сириядағы зілзаладан қайтыс болғандардың рухына және әлемдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін бір мезетте 300-ден аса ғалым мен дін қайраткері дұға жасады.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ұжымымен бірге Сурабая қаласындағы зәулім мешіттердің бірі «Masjid Nasional Al Akbar»-ға зиярат етіп, Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға тіледі.

«Уа, Раббым, әлем халқына амандығыңды бер, мұсылмандарға тыныштық, берекеңді бер. Түркия халқы мен Сирия жұртына өзің жар бола көр. Қиындықта қалған бауырларымызды өзің құтқар, Раббым! Қазақ халқына да тыныштық, береке нәсіп ет» деп дұға жасады Бас мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру