БАС МҮФТИ СЫҒАНАҚИ ИНСТИТУТЫНА БАРДЫ (ФОТО)

01 наурыз 2023 1850 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтына арнайы барып, білім алып жатқан имамдармен сұхбаттасты.

ҚМДБ Төрағасы кездесу барысында маман тәрбилеуде саннан сапаға көшу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар діни білімін шыңдағысы келетін мамандарды аталған институтқа қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

«ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Сондықтан біз де саннан сапаға көшуді мақсат тұтуымыз тиіс. Мен өздеріңізге жолдаған бағдарлық баяндамамда дін қызметкерлерінің білімін ұдайы шыңдап отыру қажеттігін атап өттім. Осы мәселеге Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының ұстаздары да үнемі көңіл бөлуі керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу барысында имамдар Бас мүфтиге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру