БАС МҮФТИ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына бір күндік жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Айдарбек Сапаровпен кездесті.
Кездесуде өңір басшысы Айдарбек Сейпілұлы Бас мүфтиді Рамазан айымен құттықтап, осы айда атқарылып жатқан игі істер туралы баяндап өтті.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Айдарбек Сапаровты жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Діни басқарма төрағасы солтүстік өңірдегі діни ахуалды жеткізіп, аймақта кадр тапшылығы бар екенін, одан бөлек қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан қала, аудан, ауыл мешіттеріндегі имамдардың әлеуметтік жағдайын да тілге тиек етті. Аймақ басшысы өз тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар ортақ жобалар бойынша екіжақты қолдау көрсетуге уағдаласты.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі