БАС МҮФТИ ШЕЙХ СУРУР БЕН МҰХАММЕД ӘЛ-НАХАЯНМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

26 мамыр 2023 2066 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаянмен кездесті.

Алдымен мәртебелі меймандар жұма намазына қатысты. Бұдан кейін Бас мүфти елімізге мемлекеттік сапармен келген құрметті қонаққа мешіт ішін аралатып, жұмысын таныстырды. Сондай-ақ кездесуге БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхамед Саид Мұхамед әл-Арики мен осы мемлекеттегі Қазақстан елшісі Мадияр Смәділұлы қатысты.

Бас мүфти шейх Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаянға Бас мешіттің өзге құлшылық үйлерден ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру, Ислам дінін заманауи тәсілмен насихаттау, жамағат арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етті. Өз кезегінде Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі Бас мүфтиге қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, зәулім мешіттен ерекше әсер алғанын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру