БАС МҮФТИ СЪЕЗД ХАТШЫЛЫҒЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

11 қазан 2023 1777 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында басталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы басқосуға бірнеше елден келген мәртебелі меймандарға өз құттықтауын жолдады. Президент құттықтауын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

«Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша рөл атқарады. Рухани лидерлер осы бағытта күш жұмылдырып, барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін» делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Басқосу барысында Бас мүфти бірнеше елдің дін қайраткерлерімен сұхбаттасып, игі мақсаттар жолында бірлесе қызмет етудің маңызы жайлы әңгімелесті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру