БАС МҮФТИ «САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

05 қараша 2022 3161 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру