Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында Ұлттық арнаға сұхбат берді (ФОТО)
08 шілде 2022
2939
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына Құрбан айт қарсаңында арнайы сұхбат берді.
Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берген Бас мүфти: «Құрбан айт шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Құдай жолында жақсылық жасауға ниет еткен пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды. Алайда жағдайы келмеген жанға құрбан шалу міндет емес. Асыл дініміз Ислам мұсылманға шамасы келмеген нәрсені орындауды бұйырмайды. Алла Тағала баршамыздың игі ниетімізді қабыл етсін» – деді.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру