БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

17 ақпан 2023 1797 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.

Кездесу барысында Түркияда орын алған зілзала жайы, апат болған аймақтарда білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жай-күйі талқыланды.

Еркебұлан Оңалбекұлы зілзала болған аймақтарға қазақстандық еріктілер жәрдем көрсеткенін айта келіп, ҚМДБ-ның «Талаба» қауымдастығының зілзаладан қираған елдімекендерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Қауымдастықтың қайырымдылық көмегіне жоғары баға берді. «Талаба» қауымдастығы апат болған аймақтарға көмек ретінде 13 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бас мүфти алдағы уақытта да «Талаба» қауымдастығы жанынан еріктілер тобы құрылып, қираған елдімекендерді қалпына келтіруге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ кездесуде екі ел арасындағы рухани байланысты арттыру және Түркияның діни оқу орындарында оқып жатқан шәкірттердің жай-күйі сөз болды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру