БАС МҮФТИ «ПАРАСАТ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛДЫ (ФОТО)
22 қазан 2022
2195
0
Оқу режимі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Парасат» орденімен наградталды.
25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында берілген орденді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстап, Бас мүфтиге ізгі ниетін жеткізді.
Салтанатты іс-шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тәуелсіздігімізді ұлықтайтын ұлттық мереке. Президентіміздің бізге берген ордені барша дін қызметкеріне берілген марапат деп санаймын. Алла Тағала еліміздің егемендігін баянды етіп, халқымызға амандық, жерімізге тыныштық бергей», – деді.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру