БАС МҮФТИ ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте Солтүстік Қазақстан облысының имамдарымен кездесіп, насихат айтты.
«Сіздер шекаралық аймақта өте жауапты саналатын діни салада қызмет етіп келесіздер. Қазақ халқында «Кемедегінің жаны бір» деген нақыл бар. Біз бір мақсат жолында еңбек етіп келе жатқан қызметкерміз. Сондықтан қасиетті салада бір-бірімізге көмекші болайық. Ең бастысы өздеріңізге жүктелген міндетті ықыласпен орындауға көңіл бөліңіздер. Сіздер өз өңіріңіздің рухани ұстазы болғандықтан, әрбір сөзіңіз бен ісіңізге аса мән беріңіз. Алла Тағала ел игілігі мен бірлігі жолындағы қасиетті қызметтеріңізге мол сауаптан жазсын!» – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі