БАС МҮФТИ МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

08 қазан 2024 618 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының кезекті отырысы аясында Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен кездесті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттырудың маңызы сөз болды. Бас мүфти жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтап қалу бағытында ақсақалдардың рөлі, сонымен қатар ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы жайлы айрықша атап өтті. Басқосу барысында тараптар кітап шығару сынды ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр, Марокко және елімізде ашылған.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру