Бас мүфти «Jakim» ұйымының халықаралық сертификатын салтанатты түрде табыстады (ФОТО)

01 наурыз 2019 5914 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау бөлімінің «Халал Даму» ЖШС 2018 жылдың 30 қарашасы күні Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өткен болатын. Құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін 75 мекеменің тізіміне енді. Бұл дегеніміз - «Халал Даму» ЖШС-нан сертификаттаудан өткен кез-келген кәсіпорын өз өнімдерін АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция, Италия, Корея, Жапония сынды әлемнің дамыған елдері мен әлемнің 43 мемлекетіне «ҚМДБ халал» таңбасымен еш кедергісіз, еркін экспорттау құқығына ие болғандығын білдіреді.

«JAKIM» ұйымының халықаралық сертификатының түпнұсқасы жуырда мұсылмандардың қара шаңырағы – ҚМДБ ғимаратына жеткізілді.

Халал өнімін стандарттау және сертификаттау бөлімінің облыстық өкілдеріне арналған оқу-семинарының ашылу салтанатында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз малайзиялық «JAKIM» ұйымының сертификатын бөлім басшысы Б.Мырзагелдиевке салтанатты түрде табыстады.

Басқосуда Бас мүфти еліміздің әр өңірінде халал кәсіпорындар саны күн санап артып, халал индустриясы дамып келе жатқанын атап өтті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру