БАС МҮФТИ: ЕРЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТІП, ЕЛДІГІМІЗДІ ТАНЫТАЙЫҚ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында мүфтият еріктілерімен бірге ортақ іске атсалысып, тұрғындар үшін дұға етті.
Еріктілерге насихат айтқан Бас мүфти: «Қазір халықпен бірге болып, белсенділік танытатын сәт. Сондықтан сын сағатта ерлігімізді көрсетіп, елдігімізді танытайық. Сіздерді бүгін заманның нағыз батырлары деп санаймын. Күндіз-түні көз ілмей, жұмыс істеп жатырсыздар. Сіздердің бұл ерліктеріңіз өскелең ұрпақ үшін өнеге болары сөзсіз. Алла Тағала игі істеріңізге мол сауаптан жазсын. Жаратушы Жаббар Иеміз бұл қиындықты бірге еңсеруде күш-қайрат нәсіп еткей. Халқымыз қалыпты өмірмен қайта қауышқай» деді.
Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы үшін арнайы дұға жасады. Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қорының Қостанай облысындағы 400-ге жуық еріктісі ортақ іске жұмылдырылған.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі