БАС МҮФТИ ДОСАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

12 мамыр 2023 2955 0
Оқу режимі

Бүгін Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан ауылында жаңа мешіт ашылды. Сауранбай болыс атын иемденген мешіттің ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

2017 жылы жергілікті жамағаттың атсалысуымен басталған құлшылық үйі 100 адамға арналған.

«Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыл аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті» деген. Тағы бір хадисінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер» дейді. Осындай мешітті тарту етіп, жақсылық жасауға асығып, сауап алсақ деп жүрген Өздеріңізге Алла разы болсын! Алланы еске алып, үнемі құлшылықта, ізденісте, тақуалықта жүрген жан тек жақсылық ойлайды. Ендеше бүгінгі мешітіміз қайырлы, құтты болғай. Қуаныштарыңыз еселене берсін» деп Бас мүфти жиылған жұрт алдында ізгі тілегін арнады.

Мешіт ашылуынан соң ҚМДБ Төрағасы ауыл тұрғындарымен бірге құлшылық үйін көріп, Сыр өңірінен шыққан діни ағартушылардың рухына Құран аяттарын бағыштады.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру