БАС МҮФТИ ДИЛ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ 46-ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

24 сәуір 2024 542 0
Оқу режимі

Бүгін Дүниежүзілік ислам лигасы жанындағы Жоғары Кеңестің 46-отырысы өтті. Жиынға Жоғары кеңестің мүшесі ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Алқалы отырыста Кеңес өз құзыреті аясында бірқатар маңызды мәселелерді сөз етті. Нақты айтқанда, Ислам әлемінің бірлігі, ғалымдардың дәрежесін көтеріп ғылыми жаңалықтарға ден қою, Ислам дінінің өміршеңдігін таныту, Қасиетті Құранға тіл тигізу әрі ислам дініне тән болған дүниелерді келемеждеуге қарсы әрекет ету мәселелері сөз болды.

Жиынға қатысқан дін ғұламалары аталған тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, нақты жоспарлар бекіту турасында бітімге келді.

Айта кетейік, ДИЛ жанындағы Ислам фиқһ және Жоғары кеңестің жиынына әлемнің әр түкпірінен 70-тен аса ғалымдар мен мүфтилер қатысты. Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бен Абдул Карим әл-Иса барлық қатысушыға алғысын білдіріп, 46-Отырыстың аяқталғанын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру