БАС МҮФТИ «БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНІҢ ҚАЙТА АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласы Алатау ауданында құрылысы қайта жүргізіліп, намаз залы кеңейтілген, толық күрделі жөндеуден өткен «Бекет ата» мешітінің қайта ашылу рәсіміне қатысты.
«Құрметті жамағат! Аллаға шүкір, дініміздің жанашыр азаматтарының қолдауымен осы Шаңырақ ықшамауданындағы «Бекет ата» мешітінің құрылысы қайта жүргізілді. Намаз залы кеңейтілді, толық жөндеуден өтіп, міне, бүгін жамағаттың игілігіне беріліп отыр. Мешіт – мейірімділік пен қайырымдылық ордасы. Алланың үйіне келген адамның жүрегіне тыныштық ұялайды. Осы мешіттен білім алған азаматтар еліміздің игілігі мен бірлігіне қызмет етеді деп сенемін. Алла Тағала халқымызға иман байлығын беріп, екі дүние бақытын нәсіп етсін!» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Игі іс-шараға зиялы қауым өкілдері де қатысып, құттықтау лебізін білдірді.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі