БАС МҮФТИ БАЙҚОҢЫРДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2022 2790 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған жұмыс сапарында Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінде жұма уағызын айтты.

Бас мүфти жамағатты қасиетті Мәуліт айының келуімен құттықтап, «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

«Мәулiт –  пайғамбарлардың сардары Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген, әлемді нұрға толтырған Құдай Тағаланың мейiрiм-рахымын молынан жаудырған тарихи күн. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Пайғамбарға салауат айтқан адам сансыз сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады» деген. Біз бұл хадистен сансыз сауапқа кенелу үшін көбірек салауат айту қажеттігін түсінеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жұма уағызы барысында ихсан ілімінің мәні мен маңызына да тоқталды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру