БАС МҮФТИ БАС ХАТШЫМЕН БІРҚАТАР КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

10 қараша 2022 2257 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Ибраһим Хусейн Тахамен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Бас хатшыға 2023 жылы Қазақстанда халықаралық Құран байқауын өткізу жоспарланғанын жеткізді. Бас хатшы Ибраһим Хусейн Таха Қазақстанда өтетін игі іс-шараға қатысуға ниет білдіріп, Ислам әлеміндегі Қазақстанның алар орнына ерекше тоқталды. 

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесі құрылғанын, жуырда аталған кеңестің ережесі бекітілгенін атап өтті. Бас хатшы бұл бастаманың мұсылман үмбетінің рухани бірлігін нығайтудағы маңыздылығын тілге тиек етті.

Басқосу соңында Бас мүфти мен Бас хатшы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру