БАС МҮФТИ БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)
Бүгін Қызылорда қаласында Сыр өңірінен шыққан ахуандар мен ишандар, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
Дәстүрге айналған игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, республикалық Құран байқауының әділқазы мүшелері, дін қызметкерлері мен қарилар қатысты.
Игі басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, біз жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтулы іс-шаралар жоспарын бекіттік. Бекітілген жоспарға сәйкес дін қызметкерлері, ұстаздар мен шәкірттер күн сайын Құранды толық оқып, ата-баба рухына бағыштауы ләзім. Аллаға шүкір, бұл игі бастамамыз күн сайын орындалуда. Осыдан бірнеше күн бұрын қарилар орталығындағы шәкірттеріміз қасиетті Құранды 100 рет толық оқып шықты. Алла Тағала ата-бабаларымыздың рухын шат еткей!» деді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі