БАС МҮФТИ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)
30 қазан 2022
2478
0
Оқу режимі
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауына қатысып, мүфтият жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерін алғыс хатпен марапаттап, игі тілегін білдірді.
«Халқымыз: «Отан – отбасыдан басталады» деген. Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі – отбасы. Аллаға шүкір, бүгінде Діни басқарма қоғамға отбасы құндылығын насихаттау бойынша көптеген іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Алла разы болсын» деді Бас мүфти.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру