Бас мүфти Алматыда 4 отбасыға пәтер кілтін табыстады (ФОТО)

26 қазан 2020 3446 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бір мезетте 4 мұқтаж отбасыға пәтер кілтін табыс етті.

Шара барысында Бас мүфти баспаналы болған отбасыларға құтты болсын айтты. Сондай-ақ мұқтаждың мұңын мұңдап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан өнер және спорт қайраткерлеріне, жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді. 

Мәуліт айында өткен мерейлі шарада үйлі болған төрт отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша қайырымды жандар мен кәсіпкер азаматтарға және мешіт имамдары мен ерікті жамағатқа шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға №293, 294, 295, 296 үйдің кілттері табысталды.

Пікірлер Кіру