Бас мешіттегі сенбілік қайырымдылық шарасына жалғасты (ФОТО+ВИДЕО)

26 қыркүйек 2020 4722 0
Оқу режимі

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ерекше сенбілік шарасы болып өтті. Жақында ғана ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүкіл республика бойынша өткен «30 000 түп ағаш отырғызу» акциясының жалғасы ретінде ұйымдастырылған бүгінгі шара аясында Бас мешіт аумағына 150 түп шырша отырғызылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан өкілдігі қызметкерлерінің шараларына қашанда қолдау танытып келе жатқан «Астана зеленстрой» ЖШС бұл жолы да сауапты істің басынан табылып, ұжым болып көмек көрсетті. Сондай-ақ, директор орынбасары Ахтаев Қанаттың айтуынша, «Астана Зеленстрой» ұжымы жыл соңына дейін «Әзірет Сұлтан» мешіті аумағына тағы 250 түп ағаш отырғызып беруге ықылас танытып отырған көрінеді.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің ұйымдастыруымен сенбілік шарасының соңында «Астана Зеленстрой» қызметкерлеріне арналған қайырымдылық шарасы өтті. Бас шаһардың экологиясы мен келбетіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қызметкерлердің еңбектерін бағалау мақсатында бүгін 50 адамға азық-түлік сөмкесі үлестірілді. Аталмыш шараға Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігі, Алматы аудандық әкімдігі секілді құзырлы орындар да өз қолдауларын білдіріп, сый-сияпаттарын қоса үлестірді. Мерекелік іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Сурет топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру