«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІНЕ КИМЕШЕКТІҢ ТАРИХЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)
20 маусым 2024
1206
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, мешіт жанындағы «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекетқызының ұйымдастыруымен дін мен дәстүр бағытында қызбала шәкірттерге әдеттегі тәрбие сабағы өткізілді.
«Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының қызбала шәкірттеріне «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Алтын ине» тігін цехында қазақ әйелінің бас киімі – кимешектің тарихы, пішілу, тігілу үлгісі көрсетілді.
«Әжелер мектебінің» мүшелері Ақжаңыл Шамранқызы, Әсия Сүгірәліқызы, Күлкеш Бүркенқызы кимешектің бірнеше түрін көрсетті.
Еске салсақ, өткен жолы шәкірттердің киіз үйдің тарихымен таныс болғанын хабарлаған едік. «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері осылайша рухани әрі дәстүр құндылықтарымен қатар сусындап келе жатыр.
Пікірлер
Кіру