«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНУ САҒАТЫ» ӨТТІ (ФОТО)

10 наурыз 2026 39 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа «Намаз оқып үйрену сағаты» өтті.

Бұл дәріс-семинардың басты мақсаты – намазды дұрыс оқу жолдарын үйрету, құлшылық мәдениетін арттыру және діни сауатты дамыту.

Дәрісті мешіттің наиб имамы, Астана қаласы бойынша Діни оқу-ағарту бағытының жетекшісі Махмұд Қасым жүргізді.

Іс-шара соңында қатысушыларға ҚМДБ баспасынан шыққан «Намаз оқып үйрену» кітабы сыйға берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру