«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» ШӘКІРТ ҚЫЗДАРҒА САЛТ-ДӘСТҮР ҮЙРЕТТІ (ФОТО)

30 қараша 2023 2294 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Отбасы – бақыт мекені» атты шара өтті. Мешіт қабырғасында білім алып, қарттығына қарамастан шәкірт болып жүрген ақжаулықты апа-әжелерімізден құралған «Әжелер мектебі» шара аясында шәкірт қыздарға насихат-кеңестерін айтып, салт-дәстүріміздегі кейбір рәсімдердің орындалуын үйретті.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов шараның ашылуына қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Ұрпақ сабақтастығын ұштастырып, дін мен дәстүрімізді қатар дәріптеген әжелер қауымына алғысын жеткізді.

Шара аясында Астана қаласы бойынша Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Эльмира Бұхарбаева отбасы құндылықтары жайында насихат айтса, әжелеріміз «қызға – қырық үйден тыйымның» мағынасын түсіндірді.

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Дін мен дәстүр бұрышында ұйымдастырылған шара сәнін әжелеріміздің «Сырға салу», «Бесікке бөлеу», т.б. дәстүрімізді дәріптеген көріністері тіптен аша түсті. Ғибратқа толы өткен шара соңында әжелер қауымы ақ баталарын берді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру