«ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
24 қазан 2023
2386
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға мешіт шәкірттері мен жамағатынан 20-ға астам қыз-келіншек қатысып, отбасы құндылықтары жөніндегі ғибратты насихат тыңдап қайтты.
Семинар аясында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Бұхарбаева мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы әйелдің жанұядағы орны мен рөлі, отбасы құндылығы, әйелдің құқығы мен міндеті тақырыптары аясында құнды ақпараттар айтты.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына кезек беріліп, мешіт ұстаздары толығымен жауап қайтарды.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру