Әйел жамағатына «Берекелі жұма» дастарханы жайылды (ФОТО)
Кешегі өткен қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына уағыз сабағы ұйымдастырылып, соңынан «Берекелі жұма» дастарханы жайылды. Бас шаһардағы «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Қыдырмина Әсел Дүйсебекқызы жиылған жамағатқа жұма намазынан «Садақа – береке кілті» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз соңында жамағат тарапынан сұрақтарға кезек беріліп, білікті маманның тұшымды жауаптарына жалғасты. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйытқы болуымен жамағатқа «Берекелі жұма» дастарханы жайылып, насихатқа толы отырыс тағы жалғасты.
Айта кетейік, жамағат арасында бауырмашылдықты арттырып, ынтмағын нығайта түсу мақсатында айына бір мәрте «Берекелі жұма дастарханы» жайылып тұрады.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz