Әйел жамағаты сырласу сағатын өткізді (ФОТО)
01 ақпан 2020
5741
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатымен сырласу сағатын өткізді. Жиналған жұртшылық мешіт ұстаздары Динара Құтқожақызы мен Аягөз Жұмабекқызының тағылымды ақыл-кеңестеріне құлақ түріп, отбасы құндылығы, ер мен әйелдің қарым-қатынасы жайында бірнеше пайдалы мәліметтер алды.
Қыз-келіншектер де ойларын ортаға салып, өздерін қызықтырып жүрген түрлі сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ, клуб жетекшілері алдағы жылы атқарар жұмыс жоспарларын талқылады.
Жиын соңында қатысушыларға кітаптар мен гүлдер сыйға беріліп, дастархан жайылды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Пікірлер
Кіру