ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20 қараша 2023
2308
0
Оқу режимі
Елордадағы «Рақымқызы Раиса ана» мешітінде Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен, «Раиса ана» қыз-келіншектер мектебі және Мәуленқызы Шырайлым ұстаздың атсалысуымен семинар өтті.
Семинардың арнайы қонағы ретінде елімізге белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы және блогер, кәсіпкер Бота Нұрланқызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдуалқызы қатысты.
Кездесуде әйел жамағатына «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбы аясында насихат айтылды. Сонымен қатар, орамал тағатын қыздардың әлеуметтік желіде өз кәсібін жүргізу мүмкіндіктері, әйел адамның халал кәсіпті қалай жасауға болатыны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру